Гренландияда ірі әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр
Гренландияда ауқымды әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр.
Оған НАТО-ға мүше елдер қатысып жатыр. Сарбаздар Арктиканың ерекше суығында шыңдалып, кәсібилігін арттыруда. Сынақ алаңдарында оқ атып, дрондарды басқарып жаттығып жүр. "Арктика сақшысы" деп аталған НАТО миссиясы аралдың батыс бөлігінде бірнеше апта жүреді. Операцияның тағы бір мақсаты – аса маңызды инфрақұрылым мен теңіз жолдарын қорғау машығын тексеру және жетілдіру. Жаттығудағы әскер саны мен техника құрамы құпия сақталып отыр. Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ Гренландияны иемденуі керек деп бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған болатын.