АҚШ Иранға соққы жасауы мүмкін

АҚШ жақын күндері Иранға соққы жасауы мүмкін. Америкалық CNN мен CBS телеарналары осылай деп хабарлады. 

Мәліметке сәйкес, Пентагон аймақтағы күштерін қайта орналастырып, әскери операцияға дайындық шараларын күшейткен. Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің айтуынша Дональд Трамп түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Вашингтон Иранмен келісімге келу жағдайды ушықтырмаудың «ақылға қонымды жолы» дейді . 

Кэролайн Левитт, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

- Иранмен келіссөздер біршама ілгеріледі. Алайда кей сұрақтарға келегенде, әлі де көзқарасымыз бір-бірінен алшақ екенін байқаймыз. Иран тарапы алдағы бірнеше аптада бізге толық ақпарат береді деп ойлаймыз. Оған дейін президент Трамп жағдайдың қалай өрбитінін бақылайды.