Трамп Колумбия округінде төтенше жағдай жариялады

Дональд Трамп Колумбия округінде төтенше жағдай жариялады.

 Бұған кәріз суының далаға жайылуы себеп. Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттік жағдай өте күрделі екенін хабарлады. Апат 19 қаңтарда болған. Содан бері ПотОмак өзеніне 900 мыңға жуық лас су төгілген. Жергілікті ақпарат құралдары кәріз суының жайылуын АҚШ тарихындағы ірі оқиғалардың бірі деп жазды. Трамп та "бұл үлкен экологиялық апат, бәріне кінәлі Мэриленд штатының губернаторы" деп аймақ басшысын айыптады. Жарамсыз құбырды ауыстыру жұмысы бірнеше аптаға созылуы мүмкін.