Қытайда робот өндірісі қарқын алды

Қытайда адам тәрізді робот өндірісі қарқын алды.

Былтыр әлемдік нарықта ақылды құрылғылардың жеткізілімі 18 мың данаға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 508%-ға көп. Мұны Халықаралық деректер корпорациясы ((International Data Corporation)) жариялады. Ал гуманоид роботтарды сатудан түскен табыс 440 миллион долларға жеткен. Қазір мұндай роботтар өнеркәсіпте, логистикада және қызмет көрсету саласында кеңінен қолданылып жатыр.