Жоғалып кеткен тасбақалар қайта пайда болды

Эквадорда осыдан 1 ғасырдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен алып тасбақалар қайта пайда болды. 

Ғалымдар олардың тұқымын басқа бір аралдан тауып алып, қайта қалпына келтірген. Арнайы орталықта өсірілген 150 алып тасбақа әбден жетілген соң Галапагос аралдарына жіберілді. Бұл қосмекенділер 19-ғасырда жойылған. Олардың құрып кетуіне аңшылық пен экожүйенің бұзылуы себеп. Ғалымдар енді сирек кездесетін жануарлар-дың тағы 12 түрін қалпына келтіруге кірісіп кетті.