АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың алты штатында боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Аймақтарда қозғалысқа қатаң шектеулер қойылған. Ең күрделі ахуал Нью-Йорк штатында. Онда мектептер, жолдар, көпірлер және ірі автомагистральдар жабылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты БҰҰ-ның штаб-пәтері де жұмысын уақытша тоқтатты. Қаланың үш халықаралық әуежайында шамамен 2 мың рейс кейінге шегерілді. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері дауыл елдің солтүстік-шығыс бөлігін толық қамтиды. Қауіпті аймақта 35 миллионға жуық адам тұрады.