АҚШ-Иран келіссөзінің үшінші кезеңі өтеді

АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келісімнің үшінші кезеңі 26 ақпанда Женевада өтеді.

Бұл туралы Оман сыртқы істер министрі Бадр Альбусаиди мәлімдеді. АҚШ Таяу Шығысқа әскерін орналастыра бастады. Тіпті президент Дональд Трамп жағдай реттелмесе, мұнын арты жақсы болмайтынын ескертті. Ақ үй басшысы Иранға 10-15 күн уақыт беріп, нәтиже болмаса әскери шара қолданудан тайынбайтынын жеткізді.