Канар аралдарына бір тәулікте 1500 мигрант жетті

Испанияның Канар аралдарына бір тәулікте 1500-ден астам мигрант жетті. Бұған дейінгі көрсеткіш 2020 жылғы 7 қарашада тіркелген. Сол күні аралдарға 33 қайықпен 1 461 адам жеткен еді.

Алдын ала мәлімет бойынша мигранттардың арасында 108 әйел мен 167 кәмелетке толмаған бала бар. Келушілер ағынының күрт артуы жергілікті билікке қиындық туғызып отыр. Канар аралдарының Президенті Фернандо Клавихоның айтуынша, осы айда қайықтар аралдарға үздіксіз келіп жатыр. Олардың дені – сенегалдықтар. Арасында «Қара құрлықтың» өзге елдерінің де азаматтары бар.

Болжам бойынша мигранттар ағыны желтоқсанға дейін азаймайды.

Сондай-ақ оқыңыз: