Әлемде кофе өндіру баяулады
Әлем жұрты, оның ішінде қазір қазақ та сүйсініп ішетін кофе өндірісі қиындап барады.
Ғалымдардың есебіне сүйенсек, аптап ыстық пен ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан 2050 жылға қарай кофе өсіруге қолайлы аумақтар 50 пайызға дейін тарылады. The Guardian басылымының жазуынша, климаттық қысым миллиардтаған доллар шығын әкелуі ықтимал. Кофе өндірісінің шамамен 75 пайызын қамтамасыз ететін Бразилия, Колумбия, Эфиопия, Индонезия және Вьетнам кейінгі жылдары аптап ыстыққтан көз ашпай отыр. Ал сынап бағанасы 30 градустан асса, өнімнің шығымы азаяды, сапасы да төмендейді. Бұдан соң мұндай сусынға сұраныс та көп болмайды.