Бали аралдарын су басты

Бали аралында толассыз жауын жауып, арты тасқынға ұласты.

Синоптиктердің болжамы бойынша өңірде нөсер жауын тағы бірнеше күн жалғасады. Жағалауда желдің екпіні секундына 45 шақырымға, ал толқындардың биіктігі төрт метрге дейін жеткен. Билік өкілдері тұрғындарға, туристерге және теңіз көлігі қызметкерлерін сақ болуға шақырды. Индонезияда жаңбырлы маусым қазан айында басталып, наурыз айына дейін жалғасады.