Сомалиде 6,5 млн адамға аштық қаупі төнді

Сомалиде алты жарым миллион адам құрғақшылықтың кесірінен азық-түлік тапшылығына тап болды.

Біріккен ұлттар ұйымының деректеріне қарағанда, шұғыл қаржылық қолдау көрсетілмесе, халықтың үштен бірінен астамы ашаршылыққа ұшырауы мүмкін. Әсіресе өскелең ұрпаққа қауіп төніп тұр. Бес жасқа дейінгі балалардың төрттен бірі ауыр жағдайда және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. Еске салайық, ұзаққа созылған қуаңшылыққа байланысты елде төтенше жағдай режимі өткен жылдың қараша айынан бастап жалғасып келеді. Жауын-шашынның жетіспеушілігі он мыңдаған адамды өз шаруашылықтарын тастап кетуге мәжбүр етті.