Перуде тасқыннан төтенше жағдай жариялады
Өзендер арнасынан шығып лай көшкіні жүріп жатыр. Мамандар: «Бұған Тынық мұхитының жылынуы себеп», - дейді.
Елде көлік қозғалысы шектелді. Апта сайын жарты миллионнан астам жолаушы қатынайтын 931 шақырым жол жабылды. Жаңбыр желтоқсан айынан бері толастамай тұр. Кейінгі үш айдың ішінде табиғи апат салдарынан көз жұмғандар саны 68 адамға жетті.