Татарстанда көктемде су тасу қаупі бар  

Татарстанда ақпан айында рекордты көлемде қар түсті. Бұрнағы жылдары бұл мезгілде ақ ұлпаның қалыңдығы 35 мм аспайтын. 

Биыл қар тізеден келеді. Кей жерде бір метрден асады. «Күн күрт жылынса су тасқыны қаупі жоғары болады», - деп ескертеді жергілікті климатолог ғалымдар. Жақын күндері елге Балқан циклоны жетіп күн жылынып, қар жаууы ықтимал.