Былтыр әлем бойынша ұрыс алаңдарында 129 журналист қаза тапты

Бұл кейінгі 34 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Журналистерді қорғау комитеті осылай деп мәлімдеді.

Халықаралық үкіметтік емес ұйымның деректеріне қарағанда, БАҚ қызметкерлерінің басым көпшілігі Израиль Қорғаныс армиясы тарапынан жасалған шабуылдар кезінде көз жұмған. Сондай-ақ сарапшылар ұшқышсыз ұшақтардың соққыларынан болатын өлім-жітімнің күрт өскенін атап өтті. Өткен жылы осындай 39 жағдай тіркелген. Комитет журналистерді халықаралық қорғауды қамтамасыз етуге және оларға қатысты қылмыстарды жан-жақты тергеуге шақырады.