Мадуро өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды талап етті

Николас Мадуро АҚШ-та қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға талап-арыз берді.

Құжат Нью-Йорк штаты Оңтүстік округінің федералдық сотына жолданған. Венесуэланың экс-президентінің адвокаты Барри Поллак АҚШ билігі әділетті сот қағидасын бұзып, Мадуроның құқығын таптады деп мәлімдеді. Оның Каракастағы есеп-шоты бұғатталған, осының кесірінен заңдық көмек үшін ақша төлей алмай отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың басында АҚШ Венесуэлада арнайы операция өткізіп, Мадуро мен жұбайын ұстап, Нью-Йоркке жеткізді. Оларға халықаралық есірткі қылмысы мен кокаин жеткізуге қатысты айып тағылған. Мадуроның өзі кінәм жоқ деп отыр.