Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуі әлем бойынша энергетикалық дағдарыс қаупін күшейтті. 

Brent маркалы қара алтынның нарықтағы бағасы 13 пайызға өсіп, барреліне шамамен 82 долларға жеткен. Бұл кейінгі төрт жылдағы ең жоғары өсім. Сарапшылар жағдай осылай жалғаса берсе, мұнай бағасы 120-150 долларға дейін көтерілуі мүмкін дейді. Айта кетейік, кеше Иран Ормуз бұғазын жапқан еді. Алайда бір тәуліктен кейін оны қайта ашты. Бұл бұғаз арқылы күн сайын 21 миллион баррельге дейін мұнай тасымалданады. Қазір ашық теңізде, Парсы шығанағына жетпей, шамамен 150 кеме тоқтап тұр.