Ливанда әуе шабуылынан 52 адам қаза тапты

Израильдің Ливанға жасаған әуе соққылары кезінде 52 адам қаза тапты. Тағы 150-ден астамы жарақат алған.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. ЦАХАЛ өкілдері нысанаға «Хезболла» ұйымының командалық пункттері мен қару-жарақ қоймаларын алған. Бұған дейін «Хезболла» Израильдің солтүстігіне алты зымыран атқан еді. Енді Израиль қорғаныс армиясы бұл соққысын қарымта жауап деп атады. Ливан билігі болса қарулы топтарды қақтығысқа араласпауға шақырды.