АҚШ азаматтарын Таяу Шығыстан кетуге шақырды
АҚШ билігі азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен дереу кетуге шақырды.
Құрама штаттардың Мемлекеттік департаменті жариялаған тізімде Бахрейн, Мысыр, Иран, Ирак, Израиль, Батыс жағалау мен Газа секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Қатар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен бар. Ведомство америкалықтарға аталған елдерден қолжетімді көлік қатынасы арқылы шығуды ұсынды.