Франция ядролық қару санын көбейтеді
Франция ядролық қару санын көбейтеді. Бұл туралы ел президенті Эмманюэль Макрон мәлімдеді.
Ол Еуропа елдерін жаңа стратегиялық қорғаныс жүйесін құруға шақырып, кәрі құрлық өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті күшейтуі тиіс екенін айтты. Қазір Францияда 290 оқтұмсық бар, әлем бойынша төртінші ірі арсенал. Енді 1992 жылдан бері алғаш рет қару санын көбейтуді жоспарлап отыр. 2020 жылы Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шыққаннан кейін Париж одақтағы жалғыз ядролық держава болып қалды. Бұл тұста Макрон ядролық қаруды қолдану шешімі тек Франция президентінің құзырында қала беретінін атап өтті.