Иран Сауд Арабиясындағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасады

Иран Сауд Арабиясындағы АҚШ елшілігіне шабуылдады. Алдын ала мәлімет бойынша нысанға екі ұшқышсыз ұшақ соққы жасаған. 

Салдарынан ғимарат қызыл жалынға оранды. Елдің қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, дипломатиялық миссия ғимаратына кең көлемде зақым келмеген. Шабуыл кезінде кешенде ешкім болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Осы оқиғадан соң АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон бұл әрекетке қарсы жауап беретінін жеткізді.