Еуропада газ бағасы шарықтады

Еуропада газдың мың текше метрінің бағасы 700 доллардан асты.

Бұл кейінгі 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Лондондағы "Айс" ((ICE)) биржасының мәліметі бойынша көгілдір отынның құны 2023 жылдың ақпанынан бері алғаш рет 650 долларға жеткен. Сарапшылар "кәрі құрлықтағы" газ бағасы Ислам төңкерісі сақшылары корпусының әлемдегі энергия ресурстарының ірі тасымал жолы – Ормуз бұғазын жабамыз деген мәлімдемесінен кейін күрт көтерілгенін айтады.