Түркия Иран азаматтарына шекараны жапты 

Түркия Тегеранмен арадағы шекарада шектеу енгізді. Талап тек Иран азаматтарына қатысты. Өзге елдің азаматтары өте береді. 

Қазір екі мемлекетті жалғайтын негізгі үш өткізу бекеті – Ағры, Хаккари және Капыкөй-Ван шекара қақпалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ресми мәліметке қарағанда, кейінгі бір тәулікте бұл бекеттер арқылы Түркия аумағына 350 техника кірген. Басым бөлігі – жүк тасымалдайтын көліктер. Бұдан бөлек, Ираннан өзге ел азаматтары өткен. Түркия шекарадағы қауіпсіздікті күшейтіп, кеденшілер өткен-кеткенді мұқият тексеріп жатыр. Ресми органдар жағдайдың тұрақты екенін хабарлайды.

Осман Айдын, заңгер:

- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы ушыққан тұста Түркия мен Иран арасындағы шекара бекеттеріне қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты кеден қызметкерлерінен алынған ресми дерекке сүйеніп айтарым, Иран мен Түркия арасындағы шекара бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тек Түркия аумағына Иран азаматтарының кіруіне ғана уақытша тыйым салынған. Ал Түркия азаматтары мен үшінші ел өкілдеріне шектеу қойылмаған. Сонымен қатар жүк тасымалы да еш кедергісіз жүзеге асуда.