АҚШ Израильге ірі көлемде қару-жарақ сатады

АҚШ Израильге шұғыл түрде ірі көлемде қару-жарақ сатады. Оның жалпы құны 151,8 миллион доллар. 

Бұл туралы Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Израиль үкіметі 12 мың қуатты бомба сұраған. Әскери көмек пакетіне инженерлік, логистикалық және техникалық қолдау кіреді. Сатылым аймақтық шиеленістің күшеюіне байланысты Израильдің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған. АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұл шешімнің ұлттық қауіпсіздік үшін де шұғыл қажет екенін алға тартты. Айта кетейік, бұл тұста Ақ үй конгрестің қарауынсыз, Израильге қару сатуға рұқсат беру үшін өз өкілетін пайдаланды.