Трамп Иранмен келісім жасамайтынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ешқандай келісім жасамайтынын мәлімдеп, қарсылықсыз тізе бүгуді талап етті. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

«Егер Иранда АҚШ-қа қолайлы билік келсе, Вашингтон одақтастарымен бірге елді қалпына келтіруге көмектесуге дайын», - деді Ақ үй басшысы.  Иран тарапы АҚШ президентінің талаптарына ресми түрде жауап берген жоқ. Сарапшылардың пікірінше, екі ел арасындағы шиеленіс жалғасытынын айтады.