Түркия Таяу Шығысқа рейстерді тағы шегерді

Түркия Таяу Шығыс бағытындағы әуе рейстерін тағы кейінге шегерді. Бұл туралы осы елдің Көлік министрі Абдулкадир Уралоғлұ мәлімдеді.

Аймақтағы қауіпсіздік жағдайына байланысты Ирак, Сирия, Ливан және Иордания бағытындағы рейстер уақытша тоқтатылды. Шектеу 9 наурызға шейін ұзартылды. Ал Иранға 12 наурызға дейін тоқтатылған. Кей әуе компаниялары бұл мерзімді 20 наурызға дейін шегерді. Жағдай тұрақталған соң рейстер қайта қалпына келтірілмек. Естеріңізге сала кетейік, Түркия мен Иранның шекарасындағы өткізу бекеттерінде  Тегеран азаматтарына елге кіруіне шектеу енгізілген еді. Бірақ өзге елдің азаматтары қатаң бақылаумен Анкара аумағына өтіп жатыр. Таяу Шығыста шиеленіс басталғалы Түркия-Иран шекарасы арқылы 7300 адам өткен.