Израиль Ливанның астанасын бомбалады

Израиль Ливан астанасы Бейрутты бомбалады.

Әуе шабуылынан 4 адам қаза тауып, 10-ы жараланған. Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған "Гардиан" басылымының хабарлауынша, соққы қаланың орталығындағы Рамада ауруханасына жасалды. Израиль негізі Иранның "Кудс" арнаулы жасағының сардарларын нысанаға алғанын айтады. Олар жаңа шабуылды жоспарлап жатқан. Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі осы аптаның басынан бері Израиль шабуылдарынан 217 адамның ажал құшқанын, тағы 798-і жарақат алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ 95 мың ливандық баспанасын тастап, босып кеткен.