Иран көрші елдерге соққыны тоқтатады
Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге бұдан былай шабуыл жасалмайтынын, қарымта жауап қана болатынын мәлімдеді.
Мемлекеттік телеарнадағы үндеуінде ол АҚШ-тың сөзсіз тізе бүгу туралы талабын қабылдамайтынын айтып, мұны «ешқашан орындалмайтын арман» деп атады. Сонымен қатар Иран басшысы кейінгі күндері көрші елдерге жасалған соққылар үшін де кешірім сұрады. Әлеуметтік желідегі жазбасында Пезешкиан бірқатар елдің арағайындық жасауға тырысып жатқанын алға тартып, Иран өз абыройы мен егемендігін қорғауға дайын екенін жазған. Айта кетейік, Израиль, АҚШ және Иран әуе соққыларын әлі де жалғастырып жатыр.