Израиль Иранның мұнай қоймаларын соққылады

Израиль Иранның мұнайға қатысты инфрақұрылымын бомбалады.

Тегеранның оңтүстігі мен көршілес Кередж қаласында 30 мұнай қоймасы талқандалған. " Таймс оф Израел" басылымы "Бұл АҚШ пен Израильдің бірлескен әскери операциясы басталғалы Ислам республикасының энергетикалық нысандарына жасалған алғашқы шабуылы" деп бағалады. Иран өз кезегінде Израильдің Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына қарымта соққы бергенін мәлімдеді. Бұл ақпаратты Израиль билігі әзірге растаған жоқ. CNN телеарнасының хабарлауынша, мұнай қоймаларына жасалып жатқан шабуылдар соғыс тактикасының өзгергенін, бұдан былай әскери ғана емес, сондай-ақ экономикалық нысандар нысанаға айналғанын және жағдайдың одан сайын ушыға түскенін көрсетеді.