Иранда жаңа аятолла тағайындалды
Иранда жаңа жоғарғы көшбасшысы болып 56 жастағы Моджтаба Хаменеи тағайындалды. Ол шабуыл кезінде шейіт болған аятолла Әли Хаменеидің екінші ұлы.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа көшбасшының есімін Иран президенті Масуд Пезешкиан жариялаған. Президенттің сөзінше, бұл қадам елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұлттық бірлікті күшейтуге бағытталған. Шешімді 88 муджахидтен тұратын арнаулы мекеме Сарапшылар кеңесі қабылдаған. Иран Конституциясы бойынша бұл үкім қайта қаралмайды. Ал Израиль болса кез-келген рухани көсемді қуалап жүріп, көзін жоямыз деп ескерткен.