Трамп: Иран мектепті өзі бомбалады

АҚШ президенті Дональд Трамп «Иран Минабтағы қыздар мектебін өзі бомбалады» деп айыптады.

Оның айтуынша, парсы елінің әскері қарымта соққы кезінде қателік жіберген. Иранның оңтүстігіндегі бастауыш мектепке 28 ақпанда таңертең жасалған әуе шабуылынан 170-тен астам адам қаза тапты. Көбі балалар. Бұл АҚШ пен Израиль бастаған әскери операцияның бірінші күні болатын. Десе де «Нью Йорк Таймс» басылымы шабуыл жасалған уақыт АҚШ атқылаған уақытпен сәйкес келеді деп жазды. Ислам төңкерісі сақшылары корпусының әскери-теңіз базасы ол жерден 600 метр қашықтықта орналасқан.