Кенияда тасқыннан 42 адам көз жұмды
Кенияда тасқыннан көз жұмғандар саны 42 адамға жетті. Оның 26-сы ел астанасы Найробиде тіркелген.
Бұл туралы Рейтер хабарлады. Құрбандардың көбі тоққа түсіп мерт болған. Қалғанын су ағызып әкеткен. Табиғи апат салдарынан әуежайларға зақым келіп, жұмысы тоқтап қалды. Әуе рейстері басқа қалаларға ауыстырылған. Іздеу-құтқару операциясы қарқынды жүріп жатыр. Оған 4 мыңнан астам сарбаз тартылған. Метеорологтар жауын-шашын ертеңге дейін тоқтамайды деп ескертті.