Израиль «Хезболла» нысандарын атқылады
Израиль әскери операция басталғалы бері Ливандағы «Хезболла» қозғалысына тиесілі 700-ден астам нысанға әуе соққыларын жасаған.
Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілі Эфи Дефрин мәлімдеді. Оның айтуынша, соққы жасалған нысандардың шамамен 50-і Ливан астанасы Бейрутте орналасқан. Израиль тарапы қақтығыс басталғалы бері шамамен 1900 ирандық әскер мен командирдің көзін жойғанын хабарлады. Елдің әскери авиациясы Тегеран мен Исфахан қалаларына соққы жасауды жалғастырып жатыр.