Пәкістан Ауғанстан аумағын атқылады
Пәкістанның Ауғанстанға жасаған әуе соққысынан төрт бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Ауғанстандағы Талибан үкіметі мәлімдеді. Ақпарға қарағанда Ауғанстандағы 10 нысанаға соққы жасалған.
Пәкістан тарапы бұл нысандар дрондарды ұшыру және сақтау үшін пайдаланылған дейді. Алайда тәліптер дрон ұшырғанын жоққа шығарып отыр. Әуе соққылары Кандагар, Пактика және Хост провинцияларына жасалған.