Әзербайжан Иранға көмек жіберді
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл шешім екі елдің президенттері Ильхам Әлиев пен Масуд Пезешкиан телефон арқылы сөйлескеннен кейін қабылданған.
Жүк Астара шекара бекетінен өтті. Көмек құрамында ұн, күріш, қант, ауыз су және дәрі-дәрмек бар. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Иран жақтан ұшырылған дрон Әзербайжан қаласына түскен болатын. Бірақ кейін Тегеран бұл соққыға қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр.