Иран АҚШ-пен келіссөзді қайта бастауға бейіл
Тегеран Вашингтонмен келіссөздерді қайта бастауға бейіл. Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазын ашу бойынша жеті күндік шарт қойды.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи осылай деп мәлімдеді. Ақпарға сүйенсек, ресми Тегеран талаптарын арағайын Қатар арқылы Вашингтонға жеткізген. Оған сәйкес АҚШ теңіз блокадасын дереу тоқтатып, елдің бұғатталған активтерін босатуы және мұнай экспортына шектеулерді жеңілдетуі тиіс. Өз кезегінде Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіріп, жетінші күні АҚШ-пен келіссөзді бастауға әзір. Құжатта Ливан мен Йеменді қоса алғанда аймақтағы әскери қимылды тоқтату мәселесі де қарастырылған. Енді Тегеран Вашингтонның ресми жауабын күтіп отыр.