Еуропада газ бағасы 90%-ға дейін өсті

Еуропада табиғи газ бағасы 90 пайызға дейін өсті. Еурокомиссия өкілінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы қақтығыстар басталғалы мұнай бағасы да шамамен 40 пайызға қымбаттаған.

Қазір кәрі құрлықта акциялар 9 пайызға төмендеп, еуроның долларға шаққандағы бағамы 2 пайызға әлсіреді. Айта кетейік, бұған дейін QatarEnergy компаниясы сұйытылған табиғи газ өндірісін уақытша тоқтатқан еді. Бұған Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан компания нысандарына жасалған шабуылдар себеп болған. Ал Қатар үлесіне Еуроодақ импортының шамамен 14%-ы тиесілі.