АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс өңірлік соғысқа айналды
АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс өңірлік соғысқа айналды.
Таяу Шығыстағы жағдайды Қатар билігі осылай деп бағалады. Бұл жайында Дубайдағы тілшіміз Рауан Мыңбай шығанақ мемлекетінің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, хабарлады. Ресми Доха тұтас өңірлік соғысқа алып келген жағдайды бейбіт жолмен шешуге әлі де кеш емес екенін ескертіп, тараптарды келіссөз алаңына шақырып жатыр. Өйткені шиеленіс ірі мұнай-газ өндіруші елге ауыр тиіп тұр. Иран Қатардағы АҚШ әуе базаларына үздіксіз соққы жасап жатыр. Соның салдарынан тауар тасымалдайтын негізгі сауда жолдары жабылған. Қорғаныс жүйесі әзірге тәулік бойы қала көгін күзетіп, зымыран мен дрондарға тойтарыс беріп тұр
Маджид бен Мұхаммед әл-Ансари Қатар сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Қазіргі қақтығыс өңірлік соғысқа айналды. Бұл жылдар бойы біздің ескертулерімізге құлақ аспаудың салдары. Дипломатиялық жолмен шешілмей келген шиеленіс ақыры аймақтағы тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіретін деңгейге жетті. Соған қарамастан жағдайды одан әрі ушықтырмай, эскалацияны тоқтатуға әлі де мүмкіндік бар екенін айтқым келеді.