Иранда 40 тыңшы ұсталды

Иран барлау қызметі Израиль мен АҚШ-тың пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен 40 адамды қамауға алды.

Бұл туралы осы елдің Барлау министрлігіне сілтеме жасаған мемлекеттік "Айриб" ((IRIB)) телерадиокомпаниясы хабарлаған. 30 күдікті басында тұтылған, кейін 10 адамның ізіне түсіп, оларда қолға түсті. Олардың жеке басы және басқа жағдайлар туралы ақпарат әзірге құпия.