Қытайда жанармай күрт қымбаттады

Бензин мен дизельдің бағасы тоннасына 695 юаньға дейін көтеріліп кетті.

Біздің ақшамен санасақ бұл 52 мың теңгеден асады. Көрші елдің үкіметі нарықты бақылауға алып, инспекциялық қадағалауды күшейтті. Елдегі ірі мұнай компаниялары мен зауыттарға қатаң ескерту жасалды.

Бензин мен дизельдің бағасы тоннасына 695 юаньға дейін көтеріліп кетті. Біздің ақшамен санасақ бұл 52 мың теңгеден асады. Көрші елдің үкіметі нарықты бақылауға алып, инспекциялық қадағалауды күшейтті. Елдегі ірі мұнай компаниялары мен зауыттарға қатаң ескерту жасалды.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Бүгіннен бастап Қытайда жанармай бағасы шарықтады. Елде бензин мен дизельдің құны бірнеше жыл бойы тұрақты болып еді. Таяу шығыстағы соғыс бұл мемлекеттің нарығына лезде әсер етті. Қытайдың даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссияның мәліметіне сәйкес бензин мен дизель бағасы тоннасына 100 долларға өскен.

Дәл қазіргі уақытта бензин бағасы елдің әр аймағында әртүрлі. Мәселен, ел астанасы Бейжіңде АИ 92 маркалы бензин бірден 40 теңгеге қымбаттады. АИ 95, 608, ал АИ 98 723 теңгеден сатылып жатыр. Шанхайда да сол шамалас. Провинциялардағы жағдай да дәл осындай. Елдің орталығындағы Чунцинде АИ 92 маркалы бензин 577 теңге болса Тибет пен Хайкоу жақта 655 теңгеге көтерілді. Дизель құны 500 ден 630 теңге аралығында саудалануда. Қымбатшылыққа әсер еткен тағы бір фактор логистика. Алып территория мен күрделі географиялық орналасуы қосымша шығынды талап етеді. Қазір ел үкіметі қалыптасқан жағдайға байланысты жанармай бағасын өсіру туралы шешімді ресми жариялады. Елдегі ең ірі мұнай компаниялары мен өңдеу зауыттарына өндірісті қолдап, өнімді тұрақты жеткізуге және тасымалдауды уақытылы қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар барлық аймақта инспекциялық шаралар күшейтілді. Құзырлы органдар тәртіпті қамтамасыз ету үшін ұлттық баға саясатын бұзатын қызметті тоқтату бағытында қатаң шаралар қабылдап жатыр. Айта кету керек, кейінгі 20 жылда Қытайда бензин бағасы 200 пайызға дейін қымбаттаған. Қытайда 2050 жылға қарай жанармай құю бекеттері 37 мыңға дейін қысқарту көзделген. Қазір ел үкіметі мұнай өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын кешенді энергиялық станцияға транформациялауға бағыттап отыр.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Өйткені 2030 жылға қарай электр қуатымен жүретін көліктердің үлесі 50 пайызға жетеді. Сөйтіп, 2045 жылға қарай жанармаймен жүретін көліктердің орнын басады. Ал 2060 жылға қарай бензинмен жүретін көліктер мүлдем қолданыстан алынуы мүмкін.

Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын