«Хезболла» Израильді атқылады
Ливандағы «Хезболла» қозғалысы Израильді бомбалады. Елдің солтүстігі мен орталық аймағына 100-ден астам зымыран атылған.
Бірқатар елдімекенде әуе дабылы қосылды. Алдын ала ақпарат бойынша, шабуылдан 2 адам жараланған. «Хезболла» Ливан шекарасына жақын маңдағы әскери нысандарды көздегенін айтады. Бұл соққылар Иранмен келісілген. Израиль әскері де қарымта шабуыл жасап, Ливан астанасы Бейрут пен аймақтағы «Хезболлаға» тиесілі басқа да инфрақұрылымдарға соққы берді.