Ирак мұнай айлақтарының жұмысын тоқтатты

Ирак Басра қаласындағы танкерлерге шабуыл жасалғаннан кейін мұнай айлақтарының жұмысын тоқтатты.

Мұндай шешім кемелердің және экспорт нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және толық тергеу жүргізу үшін қабылданған. Бұл туралы Iraqi News Agency ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған шабуылдар кезінде 1 адам қаза тауып, 38 экипаж мүшесі құтқарылған. Соққыларды кім және не себепті жасағаны әзірге белгісіз.