АҚШ Иранның 28 кемесіне соққы жасады

АҚШ Иранның Ормуз бұғазы маңындағы 28 кемесіне соққы жасады. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді.

Оның айтуынша, шабуыл теңізге мұнай таситын кемелерді көздеген. Бұған дейін осындай 16 кеме жойылғаны хабарланған болатын. Трамп Ормуз бұғазына қойылатын кез келген мина сол сәтте залалсыздандырылуы керек деген пәрмен берген. Өйткені Ислам төңкерісі сақшыларының корпусы АҚШ пен одақтастарының кемелерін талқандау үшін зымырандар мен сүңгуір қайықтарды пайдаланатынын ескерткен.