АҚШ мұнай қорын пайдалануға мәжбүр

АҚШ қор қылып сақтаған мұнайдың 172 млн баррелін алуға мәжбүр. Бұл туралы осы елдің Энергетика министрі мәлімдеді.

Пәрменді тікелей президент Дональд Трамп берген. Қордағы мұнай 4 айға дейін ашық тұрады. Бұл АҚШ-та энергетикалық тапшылықтың орнын толтыру және мұнай бағасын арзандату үшін қажет. Трамп нарықтағы жағдайды тұрақтандырған соң қоймаларды қайтадан толтырып қоямыз, - дейді.