Израиль Ливанға қарымта шабуыл жасады

Израильдің Ливан астанасы Бейруттың Рамлет әл-Байда жағалауына жасаған әуе шабуылдарынан 8 адам қаза тапты.

Тағы 21-і жараланған. Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған «Рейтер» және «Ассоушиәтид Пресс» ақпарат агенттіктері мәлімдеді. Ливандағы «Хезболла» қозғалысы Иранның рухани көсемі өлтірілгеннен кейін кек алу мақсатында 2 наурызда Израильге қарсы операция бастаған болатын.