Иран: Оманға шабуылды біз жасаған жоқпыз
Иранның Ислам төңкерісі сақшылары корпусы Оманға жасалған шабуылға қатысы жоқтығын мәлімдеді.
Бұл туралы "Хатам аль-Анбия" орталық штабының өкілі хабарлады. 3 наурызда Омандағы ірі сауда айлағына дронмен шабуыл жасалып, бір жанармай қоймасына зақым келген еді. Тегеран бұл жағдайды тергеп жатқанын айтады. Иран билігі Оманның қауіпсіздігі мен егемендігіне құрметпен қарайтынын жеткізді.