Сеул және Токиодағы учаскелер алғашқы болып ашылды. Live
Референдумда Астана, Алматы өзге де өңірлерде референдум учаскелерінің ашылғаны белгілі.
Ал шетелдерде қалай? Айтайық. Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар бізден бұрын дауыс беріп үлгерді. Сеул мен Токиодағы учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де ашылды, бұл Астана уақытымен сағат 03:00-ге сәйкес келеді. Қазақстанның осы елдердегі елшіліктерінің ғимараттарында,.. дауыс беруге болады. Оңтүстік Корея астанасында қазір №422-ші сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сол жерден біздің тілшіміз Владислав Цой тікелей эфирге қосылады. Ол дауыс беру барысы туралы баяндауға дайын.
Біз қазір Сеулдегі №422 учаскедеміз. Ол сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Еліміздің референдумға қатысқан ең алғашқы азаматы - Ернар Сәрсенбаев болды. Ол Азияның орман шаруашылығындағы ынтымақтастық ұйымында қызмет етеді. Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Кореяда отбасымен бірге тұратын мектеп оқушысы Абылай Құрмышев өз таңдауын жасады.
Абылай Құрмышев, дауыс беруші:
- Кореяда 12 сыныпта оқимын. Бүгін алғаш рет өмірімде референдумға дауыс беруге келіп тұрмын. Шетелде жүрсем де осындай маңызды шешім қабылдауға, дауыс беруге келіп тұрмын. Конституцияны қарап шықтым, керек заттарды оқыдым. Дауыс беру алдында танысып шықтым.
Жастар үлкен белсенділік танытуда. Негізінен бұл Оңтүстік Кореяда білім алып жатқан студенттер. Солардың бірі Мақсат Хасанов үшін бұл өміріндегі алғашқы дауыс беру.
Мақсат Хасанов, студент:
- Мен өз азаматтық ұстанымымды танытқым келді және де Елшілікке дауыс беруге мүмкіндік жасағаны үшін көп рахмет. Мен Корея Республикасында Ханьян университетінде Ядролық инженерия мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Болашақта осы мүмкіндік болса Қазақстанда салынып жатқан АЭС-те жұмыс істеуді жоспарлап отырмын.
Өмірінде алғаш рет дауыс беріп жатқандар үшін комиссия мүшелері сыйлықтар дайындады. Олар Абайдың шығармалар жинағы. Сонымен қатар учаске кіреберісінде мерекелік дастарқан жайылған. Қазіргі уақытта адам дауыс беріп үлгерді. Мұнда дауыс берушілердің қарасы Астана уақытымен сағат 10:00-ден кейін көбейеді деп күтілуде.