Израильдің Ливанға жасаған соққысынан 23 адам қаза тапты
Израиль күштері Ливан аумағын тағы бомбалады. Бұл соққыдан 23 адам қаза тапты. Олардың 12-сі - дәрігер.
Сидон мен Тайбе қаласында бомба тұрғын үйлерге түскен. Ал Бинт-Джбейль ауданында нысанаға медициналық орталық алынған. Құтқарушылар қираған ғимараттардың астынан адамдарды іздеп жатыр. Билік өкілдері: «Құрбандар саны артуы мүмкін», - дейді. 2 наурыздан бері Израиль шабуылдарынан Ливанда 773 адам қаза тапты. Ал Израиль алда құрлық операциясын үдетуді жоспарлап отыр.