Германия қорғаныс министрі Трампқа қарсы
«Ирандағы қақтығыс біздің соғыс емес. Оны біз бастаған жоқпыз». Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус Берлиндегі баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеп, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы бірге соғысу талабына қарсы шықты.
Неміс қолбасшысының бұл мәлімдемесін «Рейтер» агенттігі жариялады.
Борис Писториус, Германияның Қорғаныс министрі:
- «Қуатты Америка Әскери-теңіз күштерінің шамасы жетпей отырғанда Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы бір-екі түйір еуропалық кемеден не күтеді? Айтпақшы, НАТО аумағынан тыс жерде шешім қабылдамас бұрын бізге халықаралық құрылымның және Германия Бундестагының мандаты қажет. Бұл біздің соғысымыз емес. Біз оны бастаған жоқпыз. Мен өте мұқият ойланар едім және мұны істеуге ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын. Біз дипломатиялық жолды қалаймыз».