Қытайда сакура гүлдеді

Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Шие алқабы қызғылт түске боялды. Мұнда мыңдаған сакура гүлдеді. Бұл ағаштың бүршік жару маусымы 2 аптаға ғана созылады.

Сондықтан тұрғындар мен туристер әдемі көріністі көріп қалуға асығады. Жапонияда да сакура маусымы алыс емес. Күншығыс елінде бұл кезең наурыздың соңында басталып, сәуір айына дейін жалғасады.