КДР-ДА қызылшаға қарсы жаппай вакцинация басталды
Конго Демократиялық Республикасының шығысында қызылшаға қарсы жаппай вакцинация науқаны басталды. Қазірдің өзінде 260 мыңнан астам балаға екпе салынған.
Акцияны «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы жергілікті денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Өңірдегі жағдай күрделі. Мамандардың айтуынша, аурудың таралуына халықтың иммунитетінің төмендігі, қарулы қақтығыстар мен инфрақұрылымның әлсіреуі себеп.